Су тасқынынан 30 адам қаза тапты
07.04.2025 21:44
Фото:
жасанды интеллект DALL-E-3
Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасадағы су тасқыны салдарынан кемінде 30 адам қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.
Су басқан үйлер, қираған көпірлер мен жолдар – табиғи апаттың зардабы ауыр болды.
Ондаған әуе рейсі тоқтатылды. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Стадиондар уақытша орналасу пункттеріне айналдырылды.
Басылымның жазуынша, зардап шеккен аудандарда су жиналып қалуына нашар дренаж жүйесі себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, Киншасада осындай ірі су тасқыны соңғы рет үш жыл бұрын болған. Ол кезде 100 адам қаза тапқан еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

