Жаңалықтар

Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекара бағытындағы жолдарда қозғалыс шектелуі мүмкін

Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекара бағытындағы жолдарда қозғалыс шектелуі мүмкін
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30.03.2024 14:24 650

Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасына барар жолдарда көлік қозғалысына шектеуі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Осыған байланысты комитеті шекарадан өтетіндерге қозғалыс маршрутын түзуді ескертеді. 

Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін. Өз кезегінде ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пункттерінің алдында кептелістердің пайда болуы туралы хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршруттарын түзетуді ұсынады".-делінген ҰҚК мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға