Су тасқынына байланысты еліміздің бірнеше облысындағы жағдай мәлім болды
07.04.2024 09:39
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі қар суының еруіне байланысты еліміздің бірнеше облысындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушылары БҚО Орал қаласының тұрғындарымен су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Павлодар облысы Шарбақты ауданы Красиловка ауылында 100 000-нан астам текше метр еріген суды айдау жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 800 м траншея қазылды, 250 тоннаға жуық инертті материал дайындалды және 1000-нан астам дана қаптар дайындалғаны айтылды.
Бұдан бөлек, Ақмола облысы Көкшетау қаласында құтқарушылардың күштерімен Қылшақты өзенінің арнасына қаптар төселу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

