Су тасқыны: Жылыойдағы отбасыларға 1,2 миллиард теңге төленді
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
23.04.2024 11:08
Фото:
t.me/oper_shtab_atyrau
Жылыойдағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді. Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді.
Қазіргі уақытта ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті.
Жылыой ауданынан 3271 отбасына жалпы сомасы 1 267 653 200 тг теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда, - деді Серік Шәпкенов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

