Жаңалықтар

Су тасқыны: зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы 12,6 млрд теңгеге біржолғы төлем алды

Су тасқыны: зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы 12,6 млрд теңгеге біржолғы төлем алды
Фото: t.me/KZgovernment 24.09.2024 13:45 363

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-премьер 2024 жылғы су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер еткенін атап өтті. Мемлекет тарапынан зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді – баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды, 34 мыңнан астам отбасы жалпы сомасы 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Сонымен қатар зардап шеккен 21 880 отбасы үшін жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 150 АЕК мөлшерінде келтірілген материалдық залал өтелді.

Су тасқыны салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүлік шығындарының өтемақысы ретінде мақұлданған 615 өтініш бойынша 10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленді. 

Шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу жөніндегі Ереженің күші 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылады. Бұдан басқа, АӨК субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін шамамен 3,15 млрд теңге бөлінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға