Жаңалықтар

Су тасқыны: ТЖМ өкілдері 85 мыңға жуық адамды эвакуациялады

Су тасқыны: ТЖМ өкілдері 85 мыңға жуық адамды эвакуациялады
Фото: ОКҚ 09.04.2024 10:28 593

Елде су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы құтқарды және эвакуациялады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 8349 адам, оның ішінде 3809 бала орналастырылған.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, бір мыңнан астам қапшық және бір мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника жұмылдырылды, - деді аға офицер.

Еліміздің 9 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай әрекет етеді. «Жедел желі» телефондарына 1 129 қоңырау келіп түсті, шұғыл психологиялық көмек 76 адамға көрсетілді.

20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға