Жаңалықтар

Су тасқыны: Құлсарыда бірде бір тонау фактісі тіркелген жоқ

Су тасқыны: Құлсарыда бірде бір тонау фактісі тіркелген жоқ
Фото: Видеодан кадр 14.05.2024 10:01 584

5 сәуірден бастап Құлсары қаласында ұрлық немесе бұзақылық фактілері тіркелмеді. Бұл Құлсары тұрғындарының азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары Құлсары қаласының тұрғындарының жеке мүлкінің толық сақталуын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, - делінген ТЖ жөніндегі жедел штаб мәліметінде.

2024 жылғы 5 сәуірден бастап Ұлттық Ұлан гвардиясының полицейлері мен әскери қызметшілері Құлсары қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жедел басқару орталығының камераларының көмегімен үздіксіз патрульдеу және бақылау жүргізді.

Қазіргі уақытта күндіз-түні патрульге 275 полиция қызметкері мен 125 әскери қызметші тартылды" - деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға