Жаңалықтар

Су тасқыны: ҚТЖ теміржолдарда дайындық жүргізіп жатыр

Су тасқыны: ҚТЖ теміржолдарда  дайындық жүргізіп жатыр
Фото: Видеодан кадр 26.03.2024 09:21 595

ҚТЖ желісінде төтенше жағдайларға арналған 45 пойыз толық дайындықта тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вагондар барлық қажетті құралдармен және материалдармен жабдықталған. 2650 текше метр кесек тастар, 8 мыңнан астам кондиционерлік емес шпалдар дайындалды.

Теміржолшылар алдын ала тасқын суды болдырмас үшін ағызып жіберу дайындықтарын жүргізді. Көпірлер, су өткізгіш құбырлар, дренаждық құдықтар қардан, мұздан және қоқыстан тазартылып, таулы және су бұрғыш жыралар, науалар мен кюветтер аршылды. Уба, Тентек, Селеті және т.б. өзендерде мұзды ұсақтау бойынша бұрғылау-жару жұмыстары жүргізіліп, аумақтық ұйымдармен бірлесіп 83 бөгет пен су қоймалары тексерілді.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында теміржол магистралінен 16 км төмен орналасқан Жем теміржол станциясына іргелес жатқан ҚазГеоРуд ЖШС жеке меншігіндегі кіреберіс жол қарғын сумен шайылды.

Жем станциясының өзінде судың жиналуы байқалмайды, су бұру құрылыстары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Теміржолшылар станциялар мен аралықтарда, сондай-ақ өзендер мен су қоймаларына жақын орналасқан жол учаскелерінде су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға