Жаңалықтар

Су тасқыны: Қазақстандағы барлық имам бір мезетте дұға жасады

Су тасқыны: Қазақстандағы барлық имам  бір мезетте дұға жасады
Фото: ҚМДБ 04.04.2024 12:21 2166

Бас мүфтидің бастамасымен имамдар су тасқынына байланысты дұға жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бір мезетте бір дұға» игі бастамасына еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты үн қосып, су тасқынына байланысты Құран оқып, дұға жасады.

Атап айтқанда, жамағатпен бір мезетте дұға жасау Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудандарында құптан намазы алдында ұйымдастырылды.

Имамдар жамағатпен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге жеңілдік тілеп, Алла Тағаладан елдің амандығы мен тыныштығын сұрап дұға тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға