Жаңалықтар

Су тасқыны: «Қазақстан халқына» қоры зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі

Су тасқыны: «Қазақстан халқына» қоры зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі
Фото: ТЖМ 01.04.2024 05:29 789

Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

31 наурызда «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өткен.

Тұжырымдамаға сәйкес Қордың мақсаттарының бірі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсететін болады, – делінген ақпаратта.

Қайырымдылық көмек тұрғын үйі жарамсыз боп қалған халыққа көрсетіледі.

Сондай-ақ, Қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды. «Қазақстан халқына» қоры ҚР Президенті Қ. Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларын қолдайды, – делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға