Жаңалықтар

Су тасқыны кезеңінде су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналды

Су тасқыны кезеңінде су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналды
Фото: t.me/KZgovernment 24.09.2024 10:33 395

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезінде су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақталғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл су қазір экономика салаларының қажеттілігі үшін пайдаланылады. Мысалы, өткен жылы бүкіл су тасқыны кезеңінде су қоймаларынан жалпы су ағызу шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда 36 млрд м3 асты, бұл ағымдағы су тасқынының ауқымын көрсетеді.

Бұл ретте біздің су шаруашылығы құрылыстары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызуды қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшы болған су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді, — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Министрліктің мәліметінше, бір Астана су қоймасын тасқын сулармен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, өйткені оны Қ. Сәтбаев каналы арқылы қосымша толтыру қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су құйылды. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су келді. 

Биылғы қыркүйек айының басындағы жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпке – 3,7 млрд м3 пайдаланылды. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның Солтүстік, Орталық, Шығыс және батыс өңірлерінің су қоймалары 80%-ға толды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға