Жаңалықтар

Су тасқыны болған өңірлерге Жамбыл облысынан 360 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Су тасқыны болған өңірлерге Жамбыл облысынан 360 тонна гуманитарлық көмек жіберілді
Фото: ОКҚ 20.04.2024 12:26 672

Еліміздің зарлап шеккен өңірлеріне Жамбыл облысынан 360 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Су басқан аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Жамбыл облысының волонтерлері де қол ұшын созуда. Облыстық волонтерлік фронт офистің базасында өңірлерде гуманитарлық көмек қабылдау әлі де жүргізіліп жатыр.

Облыс бойынша тұрақты түрде 200 жуық волонтер гуманитарлық көмек жинаумен айналысып жатыр. Кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындардың ұйытқы болуымен киім-кешектер, ұзақ мерзімге сақталатын азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, кең көлемде резеңке етіктер, үрлемелі қайық, және бірқатар қажетті тұрмыстық жабдықтар жинақталды. Зардап шеккен өңірлерге, соның ішінде Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарына 40 тонна, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарына 60 тоннадан гуманитарлық көмек жөнелтілді, - деді Жамбыл облысындағы еріктілер фронт-офисінің басшысы Теміржан Ізтілеуов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Кеше Жамбыл облысының Қордай ауданынан СҚО-ға қосымша көмек жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға