Жаңалықтар

Су тасқыны болған өңірлерден мыңға жуық бала "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында демалды

Су тасқыны болған өңірлерден мыңға жуық бала "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында демалды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 22.06.2024 07:36 700

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, орталықта келесі аптада жаңа маусым басталады. Биыл жазда бұл орталық 6000-нан астам баланы қабылдайды.

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді. Әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрби беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды. 

Биыл жыл басынан орталықта 5800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1000-ға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр, - делінген республикалық оқу-сауықтыру орталығының мәліметінде.

Айта кетейік, су тасқыны басталғалы бері түрлі еліміздегі республикалық сауықтыру орталықтарында 1083 бала демалды. Жазғы кезеңде демалыспен тағы 3,7 мыңға жуық бала қамтылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға