Жаңалықтар

Су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналды – Смайылов

Су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналды – Смайылов
Фото: t.me/KZgovernment 22.08.2023 10:48 1164

Премьер-министр Әлихан Смайылов су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша Жол картасын әзірлеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметте өңірлердегі астық жинау науқанының жұмысы талқыланды. Астық жинау барысындағы су мәселесі де көтерілді.

Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналып отыр. Сондықтан Су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша Жол картасын әзірлеу қажет. Өңірлер белсенді түрде су үнемдеу технологияларын енгізуі тиіс. Сондай-ақ қазіргі жағдайда жемшөп дайындауға ерекше назар аудару қажет. Бүгінгі таңда Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында мал азығын дайындау қарқыны жақсы. Ал Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жұмыстар баяу жүруде, - деді премьер министр.

Өңірлерде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жұмыс қарқынын күшейтіп, жемшөп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуі қажеттігіне тоқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға