instagram.com/qaz_team_official

Су спортынан Әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды?

11 шілдеде Сингапурда су спортынан кезекті жаһандық дода басталған болатын. Бұл бәсекеде ең көп 42 жүлде жиынтығы сарапқа салынатын жүзуден Қазақстан атынан 6 спортшы жүлдеге талас жүргізбек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Спортты дамыту дирекциясы ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынды. Ондағы мәліметке сүйенсек, жаһандық додаға тек арнайы нормативтерді орындаған жүзушілер ғана жолдама алды. Олар:

Әділбек Мусин (50 метр баттерфляй);

Ксения Игнатова (100 метрге шалқалай жүзу);

Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу);

Софья Сподаренко (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу);

Арсен Қожахметов (50 метрге брасс әдісімен жүзу);

Глеб Коваленя (50 метрге шалқалай жүзу).

Айта кетейік, отандық спортшылар жарыс жолына 27 шілдеде шығады.