ҰОК

Су спорт түрлерінен әлем чемпионаты қалай өтіп жатыр?

20.07.2025 16:48

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

20 шілдеде ашық суда жүзуден аралас эстафеталық жарыстар аяқталды.

Қазақстан құрамасы сайыс қорытындысы бойынша 11-орынды иеленді. Алтын медаль Германия құрамасына бұйырды. Екінші орынды Италия иеленсе, жеңіс тұғырының үшінші сатысына Венгрия жайғасты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар 3 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түскен болатын.

Бұл дисциплина бойынша Қазақстан құрамасының сапында ең үздік нәтижені Лев Черепанов көрсетті.

Отандасымыз жартылай финалға өтіп, 12:00.40 уақыт көрсеткішімен 20-орынға тұрақтады.

Ал Ғалымжан Балабек іріктеу кезеңін 18:01.90 нәтижемен аяқтап, 20-орын иеленді.

Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Мария Федотова 18:21.00 көрсеткішімен 14-орынға, Дарья Пушко 20:08.70 нәтижесімен 49-орынға жайғасты.