Су саласындағы бірқатар мамандардың еңбекақысы 25%-ға өсті
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
06.06.2024 10:22
481
1 мамырдан Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлықтары ұлғайды. Еске сала кетсек, осы жылдың 1 қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлықтары ұлғайды. Бұл арналар арқылы суармалы су жеткізуді қамтамасыз ететін мамандар.
Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы республикалық бюджеттен және тариф есебінен де кезең-кезеңімен ұлғайып жатыр. Бұдан бөлек, саладағы мамандар біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Биыл 450 маман арнайы курстардан өтуі тиіс, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Іздеу үшін Google-дан Яндекске ауыстым. Оның 10 себебі бар
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты