Жаңалықтар

Су ресурстары тапшылығын жою бойынша Үкімет бірқатар шара қабылдады

Су ресурстары тапшылығын жою бойынша Үкімет бірқатар шара қабылдады
Фото: t.me/KZgovernment 30.01.2024 10:56 1096

Премьер-министр Әлихан Смайылов су ресурстарының тапшылығы жағдайында біраз жұмыс атқару керек екендігін және осы бағытта негізгі бағдарламалық құжат болатынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұжырымдаманың маңызды бағыты – су шаруашылығына қажетті инфрақұрылымды салу және реконструкциялау.

Көп жыл бойы оларды күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей келді. Мысалы, Орталық Қазақстан мен Астананың басты су арнасы Қаныш Сәтбаев атындағы каналда сорғы станциялары жұмысының тиімділігі небәрі 30%. Үлкен Алматы каналы пайдалануға берілген кезден бастап 40 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында магистральдық және шаруашылық аралық арналардың көпшілігі тозған. Нәтижесінде 40% су ысырап болуда. Тұжырымдаманың тағы бір маңызды бағыты – су үнемдеуді ынталандыру, – деді премьер-министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы су тапшылығында және суды тұтынудың артуы кезінде, ең алдымен, су шығынын азайту мен оны ұқыпты пайдалану өте маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға