Жаңалықтар

Су қысымы артты: Астанада құбырдың жаңа тармағы іске қосылды

Су қысымы артты: Астанада құбырдың жаңа тармағы іске қосылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 10.06.2023 21:35 945

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су қысымын арттыратын құбырдың жаңа тармағы іске қосылғанын мәлім етті. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әкімнің сөзіне қарағанда, ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусым айының соңында аяқталса, екінші кезеңі тамыз айының соңында аяқталады. 

Кешелі бері үйлеріңізде су қысымы артқанын байқаған боларсыздар.

Осыған дейін айтқанымдай, қалада 2021 жылдан бастап Астана су қоймасынан су өткізетін құбырдың жаңа тармағы және ауыз су станциясы (ССС-3) салынып жатыр.

Кеше су құбырының жаңа тармағы іске қосылды. Бұл тұрғын үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусым айының соңында аяқталады. Осыдан кейін қалада су тапшылығы мәселесі толық шешіледі. Құрылыстың екінші кезеңі тамыз айында аяқталады, бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекенінде ССС қуатын кеңейту бойынша жобалау жұмысы аяқталып қалды. Бұл жобалар алдағы уақытта Астананы ауыз сумен қамтамасыз етуге қажет қосымша қуат береді, - деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға