Су добынан Қазақстан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
11.10.2025 14:53
Фото:
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтуде. Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орын үшін Таиланд командасымен кездесті.
Тартысты өткен ойынның негізгі уақыты 6:6 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз команда кездесу соңындағы пенальти сериясында анықталды. Бұл сында аруларамыз қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті. Қорытынды есеп – 9:8, яғни Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.
Осылайша, отандастарымыз Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

