Су добы: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
10.10.2025 02:22
Фото:
ҚР ҰОК
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ширек финалда отандастарымыз Сингапур командасымен кездесті.
Кездесу 10:7 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.

