t.me/KZgovernment

Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің деректері бойынша Қазақстанда кәріз тазарту құрылғылары жабдықтарының тозу деңгейі 65%-ға жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Биыл су бұру жүйелерін, оның ішінде кәріз тазарту құрылғыларын жаңғырту бойынша бюджеттен 25 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Қызылорда қаласының кәріз тазарту құрылғысына – 720 млн теңге және Ленгер қаласына – 1 млрд теңге қарастырылды.

Сонымен қатар, Ақтау, Атырау, Қарқаралы және Қаражал қалаларында осы бағытта 4 жоба жүзеге асырылуда.

Жалпы «Коммуналдық және энергетика секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 45 қалада кәріз тазарту құрылғылары жаңғыртылып, 2,8 шақырым су бұру және 5 мың шақырым су құбыры желілері жаңарту жоспарлануда.