Су басқан аймақтарда су сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде
Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ
04.05.2024 21:01
599
Қазіргі уақытта Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында және Қызылжар ауданында су басқан аймақтарда су сору жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзендердің су деңгейіне мониторинг жалғасуда.
Өткен тәулікте Құлсары қаласында 192 766 текше метр су сорылды, бүгін 6 сағатта 75 үйден су сорып шығарылды. Өткен тәулікте Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 91 180 текше метр су сорылды. Жалпы соңғы 5 күнде су басқан 907 үй мен 134 аула аумағындағы су сорып шығарылды, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Республика бойынша 8 453 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 48 998 адам өз үйлеріне оралды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті