Астана қаласы әкімдігі

Студенттер жатақхана маңында «Таза бейсенбі» экоакциясын өткізді

Астанада студенттер «Таза Қазақстан» экобастамасын қолдап, «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. Олар өздері тұрып жатқан жатақхананың ауласын ретке келтіріп, қоқыстарды жинады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалық пен жайлылықты сақтап қана қоймай, жастардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын тәрбиелейді, сондай-ақ бірлік пен жауапкершілік сезімін арттырады.

Еуразия ұлттық университетінің студенттері дәстүрді жалғастырып, алдағы уақытта да осындай акцияларға өз қатарластарын көптеп тартуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Қала әкімдігі бұл бастаманы елорданың басқа да жоғары оқу орындарының студенттері  қолдағанын атап өтті.