Жаңалықтар

Республика күні: Студенттер арасында интеллектуалды ойын өтті

Оған А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ және ЧелМУ ҚФ студенттерінен 4 команда құрылды
Республика күні: Студенттер арасында интеллектуалды ойын өтті
Фото: ikclc.kz 17.10.2022 19:37 4954

 

Астанада Республика күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты ҚХА КВИЗ интеллектуалды ойындары өтті. Оған А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ және ЧелМУ ҚФ студенттерінен құралған 4 команда қатысты, деп хабарлайды El.kz

Тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков аталған іс-шараның маңызына тоқтала кетті.

«Ойында мәдениет, тарих саласына қатысты сұрақтар қойылды. Оған көбіне тарих факультетінің 1-курс студенттері қатысты. Білім алушыларға мұндай ойынды ұйымдастырудағы мақсатымыз – олардың Отанына деген патриоттық сезімін арттырып, еліміздің тарихы мен мәдениетін дәріптеу болды», - деді ол.

Ойын соңында жеңімпаз 2 топқа грамоталар мен флэш-дискілер берілсе, ал қалған қатысушыларға сертификаттар таратылды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға