«Сценарий ме?»: Министр ұшақта көмектескен жолаушының кім екені белгілі болды
Астана-Алматы рейсінде денсаулығы нашарлаған жолаушы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Журналист бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол ұшақтағы жағдайды толық баяндап, қан қысымы кенеттен көтеріліп кеткен сәтте алғашқы медициналық көмек көрсеткен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға ризашылығын білдірді.
Таңертең әлеуметтік желіде бұл ақпарат тез тарады. Министр Ақмарал Әлназарова бортта денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқылардың бірі болып көмек көрсетті деген жаңалық қызу талқыланып жатыр. Бірі – сценарий, PR десе, енді бірі ол ең алдымен дәрігер, дұрыс жасаған деп пікір білдіруде.
Ал мен дәл осы рейсте, эконом-класстағы 17J орнында отырған жолаушы ретінде жағдайым қиындаған сәтте шын жанашырлық танытқан барлық жанға алғыс айтқым келеді, – деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Еске салайық, кеше Астана-Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушының денсаулығы нашарлап, оған бортта болған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дер кезінде көмек көрсеткені туралы жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

