Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Стенд атудан Мария Дмитриенко финал жолдамасы үшін сынға түседі

30.07.2024 19:07

Стенд атудан Мария Дмитриенконың финалға шығар жолда жоғары мүмкіндікке ие, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Париж Олимпиадасында стенд атудан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі басталды. Трап бағдарламадасында отандасымыз Мария Дмитриенко алғашқы күн 73 ұпаймен 4-орынға жайғасты. Оның 2 оғы нысанаға тимей қалды.

Енді ертең іріктеудің 2-күні. Дмитриенко үздік алтылықтағы орнын сақтап қалса, финалға шығады. Ақтық сын ертең кешке өтеді.