ҚР ҰОК

Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жүлде алды

22.08.2025 21:44

Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы стенд атудан тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл жолы спортшыларымыз күміс жүлдені еншіледі.

Жеңіс тұғырының екінші сатысына Эдуард Ещенко мен Анастасия Молчанова көтерілді.

Олар аралас командалар арасындағы «скит» бағдарламасында екінші орын иеленді.

Алтын медальді Қытай жұбы жеңіп алды. Үшінші орынға Қатар мен Үндістан тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Молчанова жекелей сайыста қола жүлдегер атанған болатын.