Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
27.08.2025 17:21
Фото:
ҚР ҰОК
Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы стенд атудан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Біздің мергендер аралас командалар арасындағы «трап» сайысында жүлделі үшінші орынға көтерілді.
Бұл жетістікке Айжан Досмағамбетова мен Әлішер Айсалбаев қол жеткізді. Тағы бір қола медаль Тайбэй командасына бұйырды.
Ал финалда Қытай мен Кувейт құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

