Ұстаздар арасында кәсіби стандарт бекітіледі
EL.KZ Информационно-познавательный портал
24.09.2022 07:30
Фото:
ашық дереккөзден
«Педагог» кәсіби стандартын қабылдау бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі «Педагог» кәсіби стандартын қабылдау бойынша жұмыстарды аяқтауға жақын. Осы кәсіби стандартты ескере отырып, білім беру бағдарламалары, педагогтерді сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіптік даму мазмұны әзірленіп, жаңартылады. Қосымша педагог кадрларды қызмет бабында жоғарылату стратегиясы құрылады. Кәсіби стандарт бекітілгенге дейін педагогтермен және басқа да мүдделі тараптармен кең талқылаулар жүргізіледі. Нәтижесінде «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі педагогтердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай бағдарына айналады, - деп тоқталды министр.Бұған қоса, брифингі барысында Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілеріне жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетінін мәлім етті.
Оның айтуынша, мұндай механизм қазіргі таңда бірнеше балабақшада сынақтан өтіп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

