Жаңалықтар

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының ойынына баға берді

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының ойынына баға берді
Фото: instagram.com/stanislav.cherchesov.official 07.09.2024 12:17 585

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында алғашқы кездесуін Норвегиямен өткізіп, ұпай бөлісті – 0:0. Осы орайда ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов бұл матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз жаңа жолдамыз, басқа лига, басқа деңгей, қазірдің өзінде «В» дивизионын бастадық, сондықтан әр ойын бәсекеге толы болады. Біз әр матчқа дайындалуымыз керек, мықты деген әр қарсыласпен күресуіміз керек, олардың осал жерлерін іздеуіміз керек және өз жұмысымызды тиянақты істеуіміз қажет. Біздің командаға беріліп ойнағандары үшін «бес» деген баға қоюға болады деп ойлаймын. Команданың ойынына қатысты – алда аздап жұмыс істеуі керек. Жанкүйерлерге қолдап келгендері үшін көп рахмет, енді Словенияға дайындаламыз, – деді бапкер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға