Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кетті
27.01.2025 14:07
Фото:
Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді! – делінген мәліметте.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

