Жаңалықтар

Стамбұл 2023 жылы круиздік туризмнің орталығына айналады

Стамбұл 2023 жылы круиздік туризмнің орталығына айналады
Фото: tjk.info 06.02.2023 12:22 1678

Стамбұл 2023 жылы круиздік туризмнің орталығына айналады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Түркітілдес журналистер қоры мәлімдеді.

Жағалауының ұзындығы сегіз мың шақырымнан асатын Түркия Жерорта теңізі бассейніндегі өте әдемі туристік аялдамалар мен сүйікті порттардың мекеніне айналған. Түркияның негізгі круиздік туристік хабтарының бірі ретінде Стамбұл және оның негізгі порты Галатапорт Стамбұл гастрономиядан – саудаға, өнер мен мәдениетке дейін тарихқа және т.б. ерекше және әртүрлі қызыққа құмар саяхатшыларға ерекше тартымды.

Былтыр Галатапорт Стамбұл 150-ге жуық кеме мен 350 мың жолаушы мен экипаж мүшелерін қабылдады. Ол барлық талғамға ұнайтын саналуан бағдарлама ұсынады. Круиздік туризмнің артқанын көрсететін Стамбұл – көптеген круиздік желілер мен әртүрлі ауқымдағы кемелер тұрақтайтын мекен. Галатапорт Стамбұл  Жерорта теңізі ойпатынан Қара теңізге дейінгі кең аймақтағы круиздік туризмге үлкен серпін беріп, елдің туризмі мен экономикасына елеулі үлес қосты. 2014 жылы порт аумағы басып алынған кезде порттың негізгі қызметі 15 пайызы болса, Галатапорт Стамбулды өз порты ретінде пайдаланатын кемелердің үлесі қазір 50 пайызға дейін өсті және бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға күш салынуда.

Стамбұлдың ежелгі цистерналарынан алғашқысы – жерасты круиздік терминал

Галатапорт Стамбулда 29 000 шаршы метр жерасты круиздік терминалы бар, бұл круиздік саяхатшыларға ыңғайлы және қиындықсыз саяхатты қамтамасыз етеді. «Red Dot Design Award» сыйлығын жеңіп алған жерасты круиздік терминалы заманауилық пен мәдени мұра қатар жүретін дизайнымен таң қалдырады. Интерьерде Рим және Византия империяларынан бастау алған Стамбұлдың ескі цистерналарының тарихи сәулеті мен сипаты ерекше.

Босфордың қақ ортасында ерекше мекен

Круиздік кемелердің барлық түрлеріне арналған Галатапорт Стамбұл осы аймақтың тарихи және мәдени құрылымымен ерекшеленетін Қаракөйде орналасқан. Жағалауда түрік және халықаралық, ұлттық тағамдар дайындайтын мейрамханалары, өнер орталықтары, жабық және ашық көрмелер бар. Жергілікті брендтермен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін түрлі шаралар,  жолаушылар мен экипажға арналған бағдарламалар круиз қонақтары үшін өте маңызды.

Galataport Стамбұл адам аяғы арылмайтын Қаракөй аймағында, Тарихи түбекке жаяу қашықтықта орналасқан, Ұлы Айя София мешіті, Сұлтанахмет мешіті, Топкапы сарайы және Базилика цистернасы сияқты көрнекті ғимараттар көп. Үлкен базар, дәмдеуіштер базары, Галата мұнарасы, Таксим және Долмабахче де портқа жақын. Galataport Стамбұл кешенінде Бейнелеу өнері университетінің Стамбұл кескіндеме және мүсін мұражайы да орналасқан. 19 ғасырда Сұлтан Абдүлмеджид салған және Galataport Стамбұл жобасының бір бөлігі ретінде қалпына келтірілген Топхане сағат мұнарасының орны бөлек. 14 000 шаршы метрге созылатын Сағат мұнарасы алаңында жыл бойы түрлі сахналық қойылымдар, арнайы ашық көрмелер, мәдени іс-шаралар және Бейоглу мәдени маршрут фестивалі сияқты халықаралық фестивальдар өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға