Жаңалықтар

СҚО-ға 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді

СҚО-ға 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді
Фото: ОКҚ 21.04.2024 14:53 535

15 сәуірден бері өңірде Ақмола облысынан аққан суға байланысты су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасының толуы жоғары деңгейге жетті. Екінші толқынның шыңы 21-22 сәуірде болады деп күтілуде. Петропавл қаласының маңында бірінші толқын басылып келеді, 21 сәуірде судың деңгейі 1136 см құрады. Су тасқынының екінші толқыны сәуір айының соңына дейін өтеді деп күтілуде. Сонымен қатар, су басқан үйлер саны артпайды деп болжануда, - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сондай-ақ, келтірілген материалдық залал үшін өтемақы алуға өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 634 млн теңгеге 1717 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Облысқа республика өңірлерінен, сондай-ақ Омбы қаласынан 576 тонна гуманитарлық көмек (азық-түлік, заттар және тағы басқа) жеткізілді, - деді спикер.

Жалпы, 14 388 адам эвакуацияланып, 764 адам үйлеріне оралды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді уақытша тұрғын үйге көшіру жүзеге асырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға