Жаңалықтар

СҚО-да жол талғамайтын көлік пен трактор соқтығысты

СҚО-да жол талғамайтын көлік пен трактор соқтығысты
Фото: СҚО ПД 21.07.2024 18:48 394

Солтүстік Қазақстан облысы Астана-Петропавл тасжолында жол талғамайтын көлік пен трактордың жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 21 шілдеде Астана-Петропавл автожолында Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығынан үш шақырым жерде Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі ілеспе бағытта келе жатқан Белару тракторының тіркемесімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 20 жастағы Infiniti жүргізушісі және оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 1996 жылы туған тағы бір Infiniti жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. 35 жастағы трактор жүргізушісі зардап шеккен жоқ, - деді полиция.

Полицейлер үш адамның өмірін қиған апат дерегі бойынша сараптама тағайындау және соталды тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды жинайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға