Жаңалықтар

СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан отбасы мүшелері сотталды

СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан  отбасы мүшелері сотталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 29.11.2024 09:07 451

СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан бүтін бір отбасы және оларға көмек көрсеткен 50 жастағы ер адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі, анасы және олардың 19 жастағы қызы мен отбасына көмек көрсеткен 50 жастағы ер адам сотталды. 

Айыпталып отырған отағасы Леонид Шегольков осыған дейін де істі болған. Ол 2008 жылы Алматы облыстық сотының үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылып, 2021 жылы мерзімінен бұрын босап шыққан.Оның әйелі Анастасия Шеголькова да Петропавл қалалық сотының үкімімен 2022 жылы жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық жасағаны үшін 4,6 жылға шартты түрде сотталған. Осы жолы да ол тура сондай қылмыс жасаған. Алайда жазадан құтыла алмады.

Сот Анастасия Шеголкованы қылмыстық кодекстің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», «Бас бостандығынан заңсыз айыру», «Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту», «Адамды ұрлау» және «Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» баптары бойынша кінәлі деп таныды. Оның өтелмеген шартты мерзімі қосылып, жинақтала келе 14 жылға бас бостандығынан айырылсын. Мүлкі тәркіленіп, жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Леонид Шегольков та осы баптар бойынша кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.  Сот Элля Шеголкованы қылмыстық кодекстің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», «Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту» және «Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі тәркіленіп, жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Вячеслав Романов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға