ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр

СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты

13.01.2025 02:20

ТЖМ құтқарушылары СҚО-да өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Айыртау ауданы Лобаново ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында шаруашылық құрылыс пен үй өртенді.

ТЖМ күштерімен өрт 135 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.