Жаңалықтар

СҚО-да үйін су басқан тұрғындарға баспана берілді

СҚО-да үйін су басқан тұрғындарға баспана берілді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 04.07.2024 23:44 638

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 154 тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ зардап шеккен 1 099 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда, оның ішінде 252-сінде аяқталған.

Бұдан басқа, су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін үйлер сатып алынуда. Қызылжар ауданында барлығы 40 үй сатып алынды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 700 тұрғын үй салу – 100 аяқталды;

- 1 329 тұрғын үй сатып алу – 564 сатып алынды;

- 1 964 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу – 74 аяқталды.

Жұмыстар инфрақұрылымды қысқа мерзімде қалпына келтіру және тұрғындарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға