Жаңалықтар

СҚО-да төрт күнде заңға бағынбаған 17 мас жүргізуші жауапқа тартылды

СҚО-да төрт күнде заңға бағынбаған 17 мас жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.10.2023 14:09 733

СҚО-да төрт күнде заңға бағынбаған 17 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары 26-29 қазан аралығында жолдарда күшейтілген тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 4 күнде 17 мас жүргізуші ұсталды.

Олардың барлығы әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады. Алкогольдік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпті. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл құқық бұзушылықпен күрес қатаң түрде қолға алыңған, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Бұдан бөлек, “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде апаттылыққа және жол-көлік оқиғалары салдарының ауырлығына тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының 1293 өрескел бұзылушылығы анықталды. Олардың ішінде жылдамдықты арттырудың – 75, жолдың қарсы бөлігіне шығудың – 2 және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің 22 дерегі анықталды.

Сондай-ақ көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен – 99 және қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаған 145 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға