СҚО-да сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған ер адам ұсталды
Мөлдір Қайнар тілші
СҚО полицейлері сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне атыс қаруын заңсыз сақьап жүрген облыс орталығының тұрғыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Азаматтың тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-қимылдары барысында оның үйі мен гаражының жертөлесінен Шпагина пулеметі, Мосин мылтығының пышағы, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, 11 бірлік түрлі оқ-дәрі, 8 пышақ тәркіленді.
Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

