СҚО-да саңырауқұлақ теруге шыққан әжей орманда адасып кеткен
01.08.2025 00:17
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында 73 жастағы әжей орманда адасып кеткен. Зейнеткер таңертең күйеуімен бірге саңырауқұлақ теруге шығып, серуендеп жүріп қайтар бағытын таппай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтеншеліктер дереу адасқан зейнеткерді іздестіру-құтқару жұмыстарына кіріскен. Іздестіру жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылының маңында жүргізілді.
Орман алқабын тексеру үшін құтқарушылар барлық қажетті құралдарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырылыпты. Нәтижесінде зейнеткер Шаховское ауылынан 6 шақырым жерден табылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

