ТЖМ баспасөз қызметі

СҚО-да құтқарушылар әйелге көмек көрсетті

08.10.2025 01:34

Бүгін Петропавл қаласындағы Горького көшесінде орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерден егде жастағы әйелдің даусын естіген көршілері бірден құтқарушыларға хабарласуына тура келді, деп жазады El.kz интернет порталы.

ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, 4-ші қабаттың балконынан 3-ші қабатқа түсіп, пәтерге балкон арқылы кірген. 

Пәтер ішінде өздігінен орнынан тұра алмайтын 1942 жылы туған әйел табылды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бұған дейін Петропавл қаласында көп қабатты үйден өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылған болатын. Облыс орталығындағы Жамбыл Жабаев көшесіндегі 9 қабатты көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерден шыққан өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады.