Жаңалықтар

СҚО-да Қазақстаннан өз тәуелсіздігін жариялаған үш адам қамауға алынды

СҚО-да Қазақстаннан өз тәуелсіздігін жариялаған үш адам қамауға алынды
Фото: © iStock 18.04.2023 13:05 855

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті сепаратизм фактісіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Облыс прокуратурасының нұсқауымен Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, процестік прокурорлар тағайындалды.

Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында  «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды, - делінген мәліметте.

Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз «Халық Кеңесін» құру туралы бастама көтерген.

Сонымен қатар «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын» қабылдаған.

Онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр. Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған, - делінген мәліметте.

СҚО прокуратурасы аталған тұлғалардың ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.   

Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша  Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған, - делінген баспасөз парағында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға