СҚО-да өрт сөндірушілер отызға жуық тұрғынды құтқарды
04.08.2025 00:29
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Петропавл қаласында көп қабатты үйден өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыс орталығындағы Жамбыл Жабаев көшесіндегі 9 қабатты көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерден шыққан өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады.
Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері жедел әрекет етіп, 97 адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Сонымен қатар, арнайы автосатының көмегімен 29 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды.
Өрт кезінде барлық тұрғындар уақытылы қауіпсіз жерге шығарылған. Зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

