Жаңалықтар

СҚО-да екі ауыл арасын жалғап тұрған жалғыз көпір опырылып, жүк көлігі аударылып кетті

СҚО-да екі ауыл арасын жалғап тұрған жалғыз көпір опырылып, жүк көлігі аударылып кетті
Фото: Видеодан кадр 18.12.2024 23:15 137

Солтүстік Қазақстан облысында Бірлік және Неженка ауылдарын жалғап тұрған көпір опырылып, жүк көлігі өзенге аударылып түсті. Оқиға 18 желтоқсанда Ғ.Мүсірепов ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оынң видеосы Instagram желісінде жарияланды. Автордың мәліметінше, бұл өткел екі елдімекенді байланыстырып тұрған жалғыз көпір екен. 

Аудан әкімдігі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Көлік жолын қысқарту мақсатында «ES Global Agro» ЖШС-нің күшімен салынған өткел арқылы «Shacman» автокөлігі өткен. Бұл өткел Бірлік және Нежинка ауылдарының арасында орналасқан, бірақ ресми автожол болып саналмайды.  

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жүк көлігін сүйреп шығару жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін өткелді қалпына келтіру жұмыстары басталады. Сонымен қатар көпір құрылысын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта бұл құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде,-делінген әкімдік мәліметінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Василий Смирнов (@skopetro)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға