СҚО-да ауылдағы жазғы ас үй өртенді
10.08.2024 09:27
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Социал ауылында жазғы ас үйде өрт шықты. Қызыл жалын шаруашылық құрылыс ғимаратын да шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді. Қызыл жалын аумағы - 150 шаршы метр.
6-ӨСБ қарауыл бастығы Шерхан Сағындықов жалын шыққан ас үйден 2 газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт шығуының алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

