СҚО-да ауыл ұжымдары гала-концерт өткізді
16.07.2024 03:27
Фото:
СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарының «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2024» атағына алғашқы облыстық байқау-конкурсының гала-концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқау қорытындысы бойынша облыстың әр түкпірінен әртүрлі ұжымдар қатысып, көрермендер мен қазылар алқасы үздік қойылымдарды тамашалады.
Байқау қорытындысы бойынша СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов үздік өнерпаздарды марапаттады. Гран-При мен микроавтобусты Есіл ауданы жеңіп алды. Осы шараға атсалысқан барлық топтарға өңір басшысы алғыс білдірді.
Байқау гала-концерт дәстүрлі болып, жыл сайын өткізіліп тұрмақ. Бұл ауыл адамдарын ынталандырып, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізеді", - деп жазды өңір басшысы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

