Солтүстік Қазақстан облысында 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тимирязев ауданындағы ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтайды.
СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдіктіні, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықтады.
ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөлік тәркіленіп алынды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

