Жаңалықтар

Спорттық медицинаның маңызы қандай? Оңалту орталығының басшысы пікір білдірді

Спорттық медицинаның маңызы қандай? Оңалту орталығының басшысы пікір білдірді
Фото: Спорттық медицина және оңалу орталығы 16.01.2024 16:32 1496

Спорттық медицина және оңалу орталығының директоры Азамат Нұрматов спортшыларға медициналық көмек көрсетуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Нұрматовтың айтуынша, бүгінгі таңда спортшылардың физикалық денсаулығына көңіл бөлуге басымдық беріліп отыр.

Спорттық медицина-спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауапты спорт саласының жеке тармағы. Бұл бірқатар нақты міндеттерді шешуге арналған олардың спорттық дайындығының ажырамас бөлігі. Олардың негізгілеріне медициналық-биологиялық іріктеу, жеке адамның денсаулығын бағалау негізінде спортпен шұғылдануға және жаттығуға жіберу, спортшы денесінің функционалдық дайындығын бақылау, оның функционалдық дайындығы деңгейінің динамикасын түзету, жаттығулардың өсуін қамтамасыз ету (арнайы жұмысқа қабілеттілікті арттыру) жатады. Сондай-ақ жарақаттардың алдын алу және емдеу, спортшыларды оңалту, жарақаттар мен шұғыл жағдайларға шұғыл көмек көрсету. Спортта фармакологиялық препараттардың қолданылуын бақылау да маңызды. Алматыдағы Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы – еліміздегі ең көне, былайша айтқанда, жетекші мамандандырылған мекеме. Біз қолымыздан келгенше барынша әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесін ұстануға тырысамыз, - дейді Спорттық медицина және оңалу орталығының директоры.

Соңғы жылады спортшыларды дайындау процесінде және жоғары нәтижелер қол жеткізу үшін спорттағы медицина қызметкерлерінің рөлі маңызды екені айтыла бастады. 

Спорт мекемелерін басқарқан басшылар медицинаның элиталық спорттағы рөлін түсінеді. Спортшылармен кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі спорттық медицинаның маңыздылығы туралы айтты. Қазақстандағы спорттық медицина алдағы уақытта дами түседі деп сенеміз. Өйткені, біздің мәселелерге жоғары деңгейде назар аударылды. Сонымен қатар, 2023 жылы медициналық-биологиялық қамтамасыз ету бөлімінің массажисттері – Сергей Пономаренко мен Рахым Мәсімов президент Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хатына ие болды. Басқа дәрігерлеріміз бен кешенді ғылыми топтың қызметкерлері де елеусіз қалмады, олар туризм және спорт министріміз Ермек Маржықпаевтың атынан алғыс хат алды. Мұндай марапат біз үшін өте құнды, - дейді Азамат Нұрматов.

Спорттық медициналық қызметтің негізгі міндеттері туралы сұрап білдік.

Спорттық медицинада бұрын-соңды болмаған кешенді тәсіл маңызды және бұрын аталған барлық критерийлер маңызды. Бірақ басты көрсеткіш – спортшының жарақат алуына жол бермеу. Иә, кейде жаттығу кезінде немесе жарыс басталар алдында жарақаттанып қалатын кездер болады, бірақ ережелер мен режимді қатаң сақтасаңыз, олардың көпшілігінде олардың алдын алуға болады. Міне, бұл жерде спортшыларды қадағалайтын жаттықтырушыларға көп нәрсе байланысты екені айқын, - дейді Спорттық медицина және оңалу орталығының басшысы.

Оңалту орталығының мамандары жыл сайын түрлі тәжірибе жинау мақсатында халықаралық аренадағы әріптестерімен байланыс орнатқан.

Еліміздің спорт дәрігерлері халықаралық шеберлік сыныптары мен конференцияларға тұрақты түрде қатысады. Әртүрлі елдердегі әріптестермен тәжірибе алмасу біздің Орталықтың әрбір қызметкерін шыңдайды, спортшылармен жұмыс істеуде практикалық қолдану мәселелерінде жаңа мүмкіндіктер ашады және кәсіби білімдерін толықтыруға ықпал етеді. Біз осындай іс-шараларға қызығушылық танытамыз. Олар жарыстарға дайындық, қатысу және жарыстан кейінгі кезеңдегі спортшылардың функционалдығына әсер ететін барлық тенденциялардан хабардар болуға көмектеседі. Оңалту процестері де үнемі өзгеріп және жетілдіріліп отырады, және сәтті жұмыс істейтін әдістерді өздері енгізу үшін бұл тәжірибе туралы бірінші кезекте білу өте пайдалы және қызықты. Әр түрлі елдердің әріптестерімен қарым-қатынас тәжірибесі белсенді түрде қарқын алған, - дейді Азамат Нұрматов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға