Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
02.06.2025 21:46
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
5-15 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтетін спорттық гимнастикадан XII Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерлер құрамасы:
-
Нариман Құрбанов (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері)
-
Милад Карими (Әлем чемпионатының қола жүлдегері)
-
Ілияс Азизов
-
Дмитрий Патанин
-
Әлішер Тойбазаров
-
Роман Маменов
Әйелдер құрамасы:
-
Аида Құрбанова
-
Дарья Ясинская
-
Медина Қапбасова
-
Арина Лебедева
-
Эвелина Ежова
Құрлықтық деңгейдегі бұл додада Қазақстанның үздік гимнастары жүлделі орындар үшін сынға түседі.

